Ресми бөлім
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті
Грузия бастамасымен өткен әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады. Кездесуде көлік-транзит, энергетика және туризм салаларындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланып, жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға уағдаласты.
23.02.2026 17:12