Әлеумет
1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді
«Кең дала 2» бағдарламасы аясында биылғы көктемгі дала жұмыстарына ерте қаржыландыру қарқынды жүргізілуде. 2429 ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіден 312,4 млрд теңге өтінім қабылданып, 1879 өтінім 200 млрд теңге көлемінде қаржыландырылды, 2,4 млн гектар егіс қамтылды. Бағдарлама диқандарға жанар-жағармай, тыңайтқыш, техника жөндеу және тұқым қорын алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Даму» қоры арқылы несиеге 85% кепілдік беріледі.
23.02.2026 17:35