Қызылордалық оқушы Менделеев халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанды
Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын медаль иегері атанды