Мәжілісте депутат онлайн сауданың экологияға әсерін көтерді
Мархабат Жайымбетов Премьер-Министр Олжас Бектенов атына жолдаған сауалында онлайн сауданың дамуы тұрмыстық қалдықтардың артуына және экологиялық жүктеменің күшеюіне әкеліп отырғанын атап өтті. Депутат бір реттік қаптаманы азайтып, қайта өңдеу жүйесін дамыту қажеттігін ұсынды.