конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өнд...

Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?

Құрылтай Бүгін 11:57 54
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау, экология, баспана, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамыту мәселелері басты назарда болды. «Әділет» сарапшыларға «111+ шешім» құжатын таныстырды, «Байтақ» кандидаттардың өңірлерге сапары туралы есеп берді, ал «Ақ жол» бизнес және банк секторы өкілдерімен несиелеу мен баспананың қолжетімділігі мәселелерін талқылады. Өз кезегінде ҚХП ЖСДП-мен пікірталасын жалғастырса, «Ауыл» өндіріс, логистика және экология мәселелеріне назар аударды.

«Әділет» партиясы 17 тамызда сайлауалды бағдарламасын таныстыруды жалғастырды. Көтерілген тақырыптардың қатарында креативті индустрияларды дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, қазақстандық компаниялардың мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі, сондай-ақ білім беру мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бар.

Сонымен қатар партия «Әділет сөзі» жобасын жалғастырып, Астанада «Құрылтай — 2026: сараптамалық көзқарас» кездесуін өткізді. Онда азаматтардың өтініштері, әлеуметтік зерттеулер мен сараптамалық талқылаулар негізінде әзірленген «111+ шешім» құжаты таныстырылды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Бурабайда флешмоб өткізді. Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен партия белсенділері Абылай хан алаңында тұрғындармен кездесті. Қатысушылар партиялық рәміздер мен брендтелген киімдерді пайдаланды.

«Байтақ» партиясы экологиялық тақырыптар мен өңірлердегі кездесулерге арналған іс-шараларын жалғастырды. «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде биоалуантүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экотуризм және инспекторлардың жұмысына қатысты мәселелер талқыланды.

Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарында партия өкілдері еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесті. Көтерілген мәселелердің қатарында ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу, қоршаған ортаның жағдайы, кәріз сулары, санитарлық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және салынуы жоспарланған өндірістік нысандар бар.

Қазақстанның Халық партиясы еңбек ұжымдары және түрлі сала өкілдерімен кездесулерін жалғастырды. Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында еңбек құқықтары, еңбек жағдайлары, цифрлық инфрақұрылым және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Қостанай облысында ҚХП атынан кандидат Нұржан Бияқаев ЖСДП-ның еңбек қатынастары мен әлеуметтік саясат саласындағы ұсыныстарына тоқталып, осы мәселелерге қатысты партияның ұстанымын білдірді. «Халық үні» подкастында тұрғын үй саясаты мен баспананың қолжетімділігі мәселелеріне де назар аударылды. Сондай-ақ партия кандидаттар тізімінің гендерлік құрамы туралы мәліметтер ұсынып, әйелдердің өкілдігі мен еңбекақы мәселелерін көтерді.

«Ауыл» партиясы Шымкентте мұнай өңдеу зауытына логистикалық қызмет көрсететін «Қазығұрт – оңтүстік» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Партия төрағасы жұмысшылармен теміржол тасымалының тиімділігін, инфрақұрылымды жаңғыртуды, кадр даярлауды, еңбек жағдайлары мен өндірістің тұрақтылығын талқылады.

Атырау облысында партия белсенділері кандидат Нұртас Байжановпен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізіп, Жайық өзенінің жағасын қоқыстан тазартты.

«Ақ жол» партиясы еңбек ұжымдары, бизнес және банк секторы өкілдерімен кездесулерін жалғастырды. Атыраудағы вагон жасау зауытында отандық өндірісті дамыту, несиелеу, ипотека, баспананың қолжетімділігі және дербес мәліметтерді коллекторларға беру мәселелері талқыланды.

Маңғыстау облысында партия өкілдері тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесіп, отандық өнімдерді қолдау, бизнесті қаржыландыру және қарыздардың қолжетімділігі мәселелерін қарастырды. Астанада «Engineering Services» компаниясының ұжымымен өткен кездесуде медициналық сақтандыру, салық салу және ипотекалық несиелеу мәселелері талқыланды.

«Respublica» партиясы азық-түлік қауіпсіздігі мен отандық өндірісті қолдауға басымдық бере отырып, өңірлерге сапарларын жалғастырды. Қостанай облысында кандидат Ернат Солтиев партия штабының кәсіпорындарға бару және еңбек ұжымдарымен кездесулерді қамтыған сапары туралы айтты.

Көкшетауда партия өкілдері «Қазақстандық агроинновациялық корпорация» ЖШС-не барып, ауыл шаруашылығы машина жасау саласын дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселелерін талқылады. Партия төрағасының орынбасары Олжас Құспеков жеңілдетілген лизинг пен утильалым тақырыптарына тоқталды. Сонымен қатар цифрландыру, тауарларды таңбалау және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері қарастырылды.

Осылайша, 17 тамызда партиялар сайлауалды науқанын бірден бірнеше бағыт бойынша жалғастырды. «Әділет» сарапшыларға «111+ шешім» құжатын таныстырып, креативті индустриялар мен отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған бастамаларын ілгерілетуді жалғастырды. ЖСДП Бурабайда үгіт-насихат флешмобын өткізсе, «Байтақ» экологиялық күн тәртібі мен өңірлердегі кездесулерге, ҚХП еңбек құқықтары, денсаулық сақтау, баспана және цифрлық инфрақұрылым мәселелеріне назар аударды. «Ауыл» өндірісті, логистиканы дамытуға және экологиялық іс-шараларға, «Ақ жол» бизнесті қолдау, несиелеу мен баспананың қолжетімділігіне, ал Respublica азық-түлік қауіпсіздігі, цифрландыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық берді. Сайлауға санаулы күн қалғанда партиялар еңбек ұжымдары, бизнес өкілдері және өңір тұрғындарымен жұмысын жалғастырып, бір мезгілде өздерінің бағдарламалық басымдықтары мен бәсекелестерінен ерекшеліктерін көрсетуге тырысып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас робототехниктер FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды

Бүгін 12:52

Food and Travel Алматының гастрономиялық әлеуетін зерттеп жатыр

Бүгін 12:46

Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 12:44

Қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Бүгін 12:11

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны өсті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);