AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Жомарт Симтиков: Жаңа Конституция Қазақстан дамуын...

Жомарт Симтиков: Жаңа Конституция Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне жол ашады

Жаңа Конституция 02.07.2026, 12:48 338
Жомарт Симтиков: Жаңа Конституция Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне жол ашады

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институты кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков жаңа Конституцияның күшіне енуі Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуға және ел дамуының жаңа кезеңін бастауға негіз болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған Ата заң қазіргі заман талаптарына жауап беретін саяси реформаларды жүзеге асыруға және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

«Жаңа Конституция – еліміздің саяси жүйесін бүгінгі күн тәртібіне сай бейімдеп, ауқымды реформалық және модернизациялық үдерістерді іске асыруға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарындағы орнын нығайтып, жаһандық өзгерістер жағдайында тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін оның маңызы зор», – деді Жомарт Симтиков.

Оның пікірінше, жаңа редакциядағы Конституция ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, Қазақстан мемлекеттілігінің жаңа дәуірін қалыптастыруға негіз қалайды.

Сондай-ақ сарапшы Конституцияның преамбуласында қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығына ерекше мән берілгенін атап өтті.

«Ата заңда халқымыздың тарихи тамыры мен мемлекеттілігінің терең негіздері айқын көрініс тапқан. Бұл – ұлттық құндылықтарды сақтауға және елдің бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам», – деді ол.

Жомарт Симтиковтың айтуынша, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, демократиялық институттарды дамытуға және Қазақстанның ұзақ мерзімді орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);