конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ЖИ нотариат саласына да енгізілетін болды

ЖИ нотариат саласына да енгізілетін болды

Заң мен тəртіп 11.08.2026, 14:10 140
ЖИ нотариат саласына да енгізілетін болды

Әділет министрлігі жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, қолданыстағы сервистердің проблемаларын жою, ашықтықты арттыру және нотариаттық іс-қимылдарға бақылауды күшейту үшін E-Notary цифрлық платформасын іске қосады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы үкімет отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

«Платформада нотариустың әрбір әрекеті тіркеліп қана қоймай, алғаш рет нотариустар мен азаматтарды биометриялық сәйкестендірудің интеграциясы көзделеді, бұл есепке алу деректерін заңсыз пайдалануды болдырмайды және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады. Енді азаматтар платформада жеке кабинет аша алады, сол арқылы олардың қатысуымен жасалған барлық нотариаттық іс-әрекетті бақылайды, қаперінде ұстайды және қадағалайды, қажет болған жағдайда нотариустардың заңсыз іс-әрекеттеріне қарсылық білдіре алады», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ платформа аясында атқарушылық жазбалар жасау үшін өтініштерді автоматты түрде бөлу көзделген. Бұл механизм мамандарға біркелкі жүктемені қамтамасыз етуге, өндіріп алушының нотариусты таңдау мүмкіндігін болдырмауға және олардың арасындағы сөз байласу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

«Ұсынылған құжаттарды талдау, ықтимал тәуекелдерді анықтау және ұсынымдарды қалыптастыру үшін E-Notary жасанды интеллект элементтерімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте барлық нотариаттық іс-әрекетті жасау жөніндегі түпкілікті шешім тек нотариуста қалады», - деді Ерлан Сәрсембаев.

Пилоттық жобаны пайдалану қорытындысына қарай жүйені осы жылдың соңына дейін бүкіл ел аумағына кеңінен тарату жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#нотариат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);