AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / ЖИ инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық...

ЖИ инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды

Экономика 25.08.2026, 10:05 326
ЖИ инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды
Primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Presight AI халықаралық компаниясының бас директоры Томас Прамотедхаммен кездесу өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық, Smart City жобаларын жүзеге асыру, көліктік цифрлық жүйелер мен деректерді сақтау және өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Presight AI компаниясы халықаралық G42 тобына кіреді және жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау саласында қолданбалы шешімдер әзірлеуге маманданған. Компанияның қатысуымен Астанада Smart City жобасы жүзеге асырылды, Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік инфрақұрылымы құрылды.

Кездесу барысында көлік саласына цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу, Астана халықаралық әуежайының интеллектуалдық инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара іс-қимыл перспективалары айқындалды. Қалалық басқарудың тиімділігін, сервистердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ отандық технологиялық сараптама мен кадрлық әлеуетті дамыту үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Олжас Бектенов Қазақстан цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне өтіп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Елімізде ұзақмерзімді және технологиялық инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық және кедендік преференциялар қолжетімді, Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде, жобаларды сүйемелдеу «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Томас Прамотедхам Presight AI компаниясы Қазақстандағы қызметін кеңейте түсуге, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті. Компания қолданбалы жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым және экономиканың негізгі салаларына технологиялық шешімдерді енгізу салаларында ынтымақтастықты одан ары дамыта бермек.

Кездесу қорытындысы бойынша болашақтағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);