конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жетісу облысында 4 адамның өмірін құтқарған полици...

Жетісу облысында 4 адамның өмірін құтқарған полиция қызметкері "Үздік жас батыр" атанды

Заң мен тəртіп 12.08.2026, 18:56 173
Жетісу облысында 4 адамның өмірін құтқарған полиция қызметкері "Үздік жас батыр" атанды
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сол күні Алакөлде қатты жел тұрып, толқын күшейген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Талдықорғанда Жетісу облысы әкімінің жыл сайынғы "Көшбасшы – 2026" жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада Жетісу облысы полиция департаментінің аға инспекторы, полиция майоры Жақсылық Сәрсенов "Үздік жас батыр" номинациясының жеңімпазы атанды.

Облыс әкімінің атынан марапатты облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов табыстап, полиция қызметкерінің батылдығы мен жауапкершілігін атап өтті.

Бұл марапаттың берілуіне Жақсылық Сәрсеновтің 15 маусымда Алакөлде төрт демалушының өмірін құтқаруы себеп болды. Сол күні көлде қатты жел тұрып, толқын күшейген. Жағадан алысқа кеткен демалушылардың өміріне қауіп төнген сәтте полиция майоры ойланбастан көмекке барып, оларды қауіпсіз жерге шығарған.

Алайда полиция қызметкері бұл әрекетін ерлік деп бағаламайды.

– Менің басты міндетім – халыққа қызмет ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – дейді Жақсылық Сәрсенов.

Оның бұл ұстанымы марапаттың мәнін де айқындай түседі. Қауіп төнген сәтте адам өмірін бірінші орынға қою – қызметтік міндет қана емес, үлкен жауапкершіліктің көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу облысы #полиция #адам құтқарған #Алакөл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);