AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жеке деректер сатылған

Жеке деректер сатылған

Оқиға 27.04.2026, 15:10 245 yakiya
Жеке деректер сатылған
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚК мәліметінше, биылғы наурыз айында қауіпсіздік органдары прокуратура органдарымен бірлесе отырып, Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке деректерін заңсыз жинау және таратуға қатысы бар деген күдікке ілінген адамдар тобының қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет арқылы сатып келген. Сатып алушылар қатарында кейбір микрофинанстық және коллекторлық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған,– деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Тінту барысында компьютерлік техника, ақпарат сақталған электрондық тасымалдағыштар, ірі көлемдегі қаражат және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Атап айтсақ:

147-бап – жеке өмірге қол сұғу және жеке деректерді заңсыз жинау немесе тарату

208-бап – ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізу (хакерлік әрекеттер)

210-бап – ақпараттық жүйелердің жұмысына заңсыз араласу (жүйені бұзу, істен шығару)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);