Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / "Жарнама және полиграфия: тиімді жарнаманы құрудағ...

"Жарнама және полиграфия: тиімді жарнаманы құрудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі" қалалық байқауы өтті

Алматы Бүгін 16:26 49
"Жарнама және полиграфия: тиімді жарнаманы құрудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі" қалалық байқауы өтті
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

2026 жылғы 25 ақпанда Принтмедиа технологиялар колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жарнама және полиграфия: тиімді жарнаманы құрудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі» атты қалалық байқау өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Байқаудың басты мақсаты — студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жарнама және баспа саласындағы жұмысшы мамандықтардың маңызын кеңінен насихаттау, сондай-ақ шығармашылық пен технологияны ұштастыра білетін білікті кадрларды қолдау.

Байқауға 5 колледжден 15 студент қатысты. Қатысушылар жарнамалық макет әзірлеу және бейнеролик дайындау бағыттары бойынша өз жобаларын қорғады.

Жүлделі орындар:

I орын – ҚМҚК «Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі»

II орын – ҚМҚК «Алматы көлік және коммуникациялар колледжі»

II орын – ҚМҚК «Принтмедиа технологиялар колледжі»

III орын – ҚМҚК «Алматы-Электромеханика колледжі»

III орын – «Колледж Туран»

Байқау жұмыстарына саланың тәжірибелі мамандарынан құралған әділ қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар студенттердің креативті шешімдерін, техникалық талаптарды сақтау деңгейін және жобаларды кәсіби қорғау шеберлігін жоғары бағалады.

Байқауға саланың білікті мамандары төрелік етті:

  • Маулунбердов Нұрлан Ермухамбетұлы — ЖШС «Баспагер баспа үйі» типографиясының дамыту жөніндегі директоры;

  • Салим Тимур Михайлович — «Принт Азия» типографиясының басшысы;

  • Токенова Динара Джумабаевна — №69 мектеп әдіскері.

Қазылар алқасының төраға мүшесі Маулунбердов Нұрлан Ермухамбетұлы өз сөзінде: «Бүгінгі жұмыстар жарнама мен полиграфия саласында бәсекеге қабілетті жас мамандар өсіп келе жатқанын көрсетті. Студенттердің өндірістік ойлауы қалыптасқан», — деп атап өтті.

Бұл байқау жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайтуға үлкен серпін берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Бүгін 17:23

Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастау ұсынды

Бүгін 17:01

Олжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасы аясында жиын өткізді

Бүгін 16:45

Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер вакцинация кестесі жайлы айтты

Бүгін 16:42

Қонаев атындағы академияның заңгерлері мен студенттері референдумды қолдады

Бүгін 16:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі