Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әй...

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Оқиға Бүгін 11:14 26
Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты
фото: видео скрині

Жетісу облысында төрт жасар ұлын батареяға байлап, аяусыз ұрған 28 жастағы әйелге қатысты істің шешімі шықты. Анасы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, сот оны есі дұрыс емес деп таныды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға бір ай бұрын Жаркентте болған. Төрт жасар бала ваннадағы суды өшіруді ұмытып кеткен соң, әйел оны жазаламақ болған. Анасы баланы батареяға байлап, жұдырықпен, аяқпен және ожаумен ұрған.

Оқиғаны отбасының танысы әкесінің өтінішімен телефонға түсірген. Кейін ер адам жұбайын полицияға тапсырған. Ал 4 және 2 жастағы екі бала Талдықорғандағы Отбасын қолдау орталығына жеткізілген.

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, әйелдің ақыл-ой кемістігі бар екені және өз әрекетінің қауіптілігін толық түсіне алмағаны анықталған. Осыған байланысты ол мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

«Сараптама нәтижесінде сотталушы әрекет жасаған кезеңде өз іс-әрекетінің нақты сипатын және қоғамдық қауіптілігін ұғына алмағаны анықталды. Осыны ескере отырып, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды», – деді Жетісу облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Еске салайық, 18 қаңтарда кешке желіде балаға қатыгездік көрсетілген видео тараған болатын. Кейін Жетісу облысының полициясы әйелді ұстады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Сондай-ақ күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, сот-психиатриялық сараптама бірқатар сараптамалар тағайындалғаны айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқиға #Жаркент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.