AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жапонияда кіші құрылтай өтті

Жапонияда кіші құрылтай өтті

Әлем 29.05.2026, 15:23 435
Жапонияда кіші құрылтай өтті

Токио қаласында Жапониядағы қазақ қауымдастығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі мен «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай қатысып, құрылтайдың пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Өз баяндамасында сенатор Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың шетелдегі қандастарға арналған ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді.

Бибігүл Жексенбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдегі қазақтармен байланысты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау және тарихи Отанмен рухани байланысты күшейту бағытындағы бастамаларына ерекше тоқталды.

Сенатор өз сөзінде қазақ тілін сақтау, шетелдегі қазақ жастарының тарихи тамырмен байланысын нығайту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, Азия елдеріндегі қазақ қауымдастықтарының өзара ықпалдастығын арттыру мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ Бибігүл Жексенбай Азия елдеріндегі қазақтар кеңесін құру бастамасының маңыздылығын атап өтіп, мұндай алаңдар шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігін күшейтіп, жастардың ұлттық құндылықтарға жақындауына ықпал ететінін айтты.

Құрылтай аясында мәдени мұраны сақтау, қазақ-жапон тарихи байланыстары, ұлттық тағам мәдениеті, дәстүрлі музыка және қазақ өнерін халықаралық деңгейде насихаттау мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында этно-мәдени концерттік бағдарлама, ұлттық қолөнер көрмесі, қазақ дәстүрлерінің таныстырылымы ұйымдастырылды.

Сенатор Жапониядағы қазақ қауымдастығының ұлттық мәдениет пен ана тілін сақтау жолындағы жұмысына жоғары баға беріп, шетелдегі қазақтардың Қазақстанмен байланысын нығайту — мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жапония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);