Қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей, ашық әрі тұрақты диалогтың маңызды көпірі – Халық Кеңесі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі. Бұл – билік тармақтары өзара теңгерімді жұмыс істейтін, азаматтармен ашық әрі шынайы диалог орнатуға басымдық беретін, басты мақсаты елдің бірлігі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан.
Қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей, ашық әрі тұрақты диалогтың маңызды көпірі – Халық Кеңесі.
Конституциялық мәртебеге ие болған бұл кеңес сарапшылардың пікірлері, азаматтардың бастамалары мен халықтың нақты үні аса маңызды шешімдер қабылданған кезде тікелей ескерілуіне кепілдік береді.