Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Запастағы 463 әскери қызметші тұрғын үймен қамтылд...

Запастағы 463 әскери қызметші тұрғын үймен қамтылды

Әлеумет 23.11.2022, 17:00 1,249
Запастағы 463 әскери қызметші тұрғын үймен қамтылды
Сурет: Ашық дереккөз

Қарулы күштерде осы санатта 742 адам болған


Запастағы 463 әскери қызметші тұрғын үймен қамтылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң аясында еңбек өтілі 10-нан асқан, алайда 20 жылға жетпеген, яғни денсаулық жағдайына, қысқаруына және мерзімді жасқа келуіне байланысты әскери қызметтен босатылған әскери зейнеткерлер жабық әскери қалашықтағы қызметтік үй-жайларын Қазақстан өңірлеріндегі тұрғын үйге айырбастау құқығын пайдалана алады.


Ведомство мәліметінше, Қарулы күштерде осы санатта 742 адам болған, бүгінгі таңда олардың 463-і баспанасын ауыстырды. Қалған 279 әскери зейнеткерлермен жұмыс әлі де жалғасады. Қазіргі уақытта 23 адам Алматы қаласының 79 разъезінде салынып жатқан «Рона» тұрғын үй кешені құрылысының аяқталуын күтіп отыр.


Сондай-ақ, әскери полиция өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй қорына тексеру жүргізіліп жатыр. Заңсыз тұратын адамдар анықталса, запасқа шығарылған әскери қызметшілер арасында қайта бөлу үшін тұрғын үй-жайларды босату шаралары қолданылады.


Әскери зейнеткерлердің қалған бөлігін 2025 жылдың соңына дейін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.