Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген...

Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеумет 19.04.2024, 06:53 1,036
Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 15 сәуірінде отбасы, балалар мен әйелдер институтын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулерге қол қойғаны белгілі.


Бұл түзетулер азаматтық қоғамның қатысуымен түрлі алаңдарда алдын ала талқыланды.


Атап айтқанда, «Неке және отбасы туралы» кодексіне дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді. Балаларды адамгершілік және рухани тұрғыда тәрбиелеу ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу рухында жүргізілуі тиіс.


Сонымен қатар, жаңа заң балаларымызды педофилдерден қорғайды. Бұл кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарламалар пайда болған кезде бүкіл қоғамды қозғаған көптен күткен шара деп санаймыз. Енді бұл үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. Кішкентай балаларды өлтіру үшін де солай.


Сонымен бірге, 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 40 тәулікке қамауға алынатын жаңа жаза енгізіледі. Бұл балаларға жөнсіз қол тигізу, ұятсыз ұсыныстар білдіру және т.б. жазасыз қалмайды дегенді білдіреді.


Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді. Бұл шара пайда болған көптеген сайттарды, арналарды, чаттарды заңды түрде бұғаттап қана қоймай, сонымен бірге олардың ұйымдастырушыларын серіктестерімен бірге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді.


 Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты оның енді қылмыс деп тануын атап өту қажет. Енді тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулікке дейін қамау түрінде жаза енгізіледі.


 Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.


Тағы бір маңызды жаңалық – жәбірленушімен бірге тұруына тыйым салу секілді ерекше талаптар қою мүмкіндігі.


Сондай–ақ, Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өткен жөн.  Бұл ашық жалған.


Аталған түзетулерді қабылдау іс жүзінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлігін, Әділ Қазақстан құру жолында Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының тиімді жұмысын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #Зорлық-зомбылық #наке #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.