ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Замандастар жырлайды

Замандастар жырлайды

Білім және ғылым 29.01.2025, 14:35 821
Замандастар жырлайды
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлайды» және «Даналық бейсенбі» жобалары аясында оқушыларды қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларымен...

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлайды» және «Даналық бейсенбі» жобалары аясында оқушыларды қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстыру, сөз өнеріне баулу, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ҚР Жазушылар Одағының мүшелері, ақын, «Балдырған» журналының бас редакторы Ерғали Бақаш және жазушы, журналист Мақсат Мәлікпен кездесу өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесу шымылдығын Зияткерлік мектебінің «Нұр-сазы» халық аспаптар оркестрінің добырашылары «Ерке сылқым» күйімен ашты.

Оқушылар кездесу қонақтарының шығармашылығына арналған таныстыру бейнебаян жасап, өлеңдерін оқып, әңгімелері бойынша пікір алмасты. Алдын ала қаламгерлердің шығармаларын оқыған оқушылар өз ойларын ашық айтып, шығарма төңірегінде өзіндік көзқарастарын жеткізді.

          -Бүгін біз оқушылармен кездестік, әңгіме құрдық, өте керемет! Оқушылардың ой-өрістері кең екенін аңғардық, ойлау ерекшелігі де мүлдем басқа, еркін жеткізеді. Химия-биология бағытындағы мектепте оқып  бір салалы болып қалмай, ғылым мен әдебиетті қоса алып жүргендері, қазақ әдебиетінен хабарлары бар екендігі  қуанарлық жағдай,- деді Мақсат Мәлік.

 

Кездесу қонақтары оқушыларға мағыналы да мәнді әңгіме айта отырып, оқушыларға шығармашылықпен айналысуға,  көрген-түйгенін жазуға ынталандырды. Кездесу соңында қаламгерлер мектеп кітапханасына, оқушыларға «Балдырған», «Ұлан», «Ақ желкен» басылымдарын және  өз туындылар жинағын тарту етті.

- Бүгінгі кездесуге қатысқан оқушылардың, жас талапкерлердің өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениеті, білім деңгейлері жоғары екен деген баға беруімізге болады. Қазіргі заманда балалардың ойын жеткізу деген үлкен проблема,- деп Ерғали Бақаш зияткерлерді «Балдырған» журналына шығармалар жазып, тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды.

Тағылымды кездесу соңында оқушылар арнайы уақыт бөліп келген ақын-жазушыға алғысын білдірді. 

- Зияткерлік мектепте қазақтың көрнекті өкілдері – қазіргі заманның ақын-жазушыларымен кездесу ұйымдастыру дұрыс жолға қойылған. Әр кездесу оқушыларға  ой түйдіріп, қазақ әдебиетіне қызығушылықты арттырады. Бүгінгі кездесу рухани әлемге саяхат болып, зияткерлердің жан-дүниесін байытуға үлкен септігін тигізді деп ойлаймын,- деді ұйымдастырушы, педагог-куратор Жанаргүл Исламқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.