AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Зағамбардан жеткен ақпарат жалған

Зағамбардан жеткен ақпарат жалған

Заң мен тəртіп 27.04.2024, 10:40 1,097
Зағамбардан жеткен ақпарат жалған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында кәмелетке толмаған қызды зорлау оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Айтуынша, әлеуметтік желілерде 24 сәуірде Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында болған оқиға туралы жалған ақпарат таралуда. 24 сәуірде кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданады.



«Сонымен қатар, 25 сәуірде полицияға бөтеннің мүлкін өртеу туралы хабарламалар түсті. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Бөтеннің мүлкін өртеу фактісіне қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды және қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ол.



Аталған жайттар бойынша нақты ақпарат оқиға болған күні Полиция департаментінің ресми парақшаларында жарияланды.


Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Зағамбар ауылында жағдай тұрақты, облыс әкімі және барлық мемлекеттік органдар басшыларының төрағалығымен ауыл тұрғындарына жиын өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді, заң шеңберінде шешім қабылданатыны ескертілді.



«Интернет желісінде таралған, яғни «Бірнеше оқушы ұсталды, жәбірленуші жүкті және бірқатар жігіттер зорлады» деген ақпараттар шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда жалған ақпарат таратқан бірқатар авторлар анықталды, оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қабылдануда. Барша азаматтарға ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін», – деп аяқтады сөзін ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зағамбар #зорлау #қылмыс #жалған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);