Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігерлердің ке...

Ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігерлердің кеңесі

Әлеумет 25.06.2022, 09:45 1,236
Ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігерлердің кеңесі
Сурет: 24.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде күн ыстық болады. Осы орайда елордадағы емханалардың дәрігерлері ыстық күндері денсаулыққа күтіммен қараудың жолдарын айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жсап.


Осы орайда Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаладағы дәрігерлердің айтқан пікірлерін көпшілік назарына ұсынды.



«Ыстық өтіп кеткенде дене температурасын реттеуге жауап беретін компенсаторлық функциялар бұзылады. Ыстық күндері майлы, тұзды тағамдарды жемеу керек», - деді №1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Алина Боргекова.



Маманның айтуынша, күн өткен кезде тыныс алу қиындап, дене қызуы көтеріледі және бас аурады, сондай-ақ кейбір жағдайда адамдар естен тануы мүмкін. Ыстық күндері жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар өз денсаулығына күтіммен қарауы керек.



«Мұндай кезде тромбоз болуы ықтимал және қан қысымы құбылып тұрады. Қатты ыстық стенокардия дертін қоздыруы мүмкін. Сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар жылдың осы уақытында денсаулығына күтіммен қарауы керек», - дейді № 4 қалалық емхананың кардиологы Жанат Сұңқарбекова.



Дәрігерлер негізгі терапия талаптарын ескеруді және қажет дәрі-дәрмекті өздерімен бірге алып жүруге кеңес берді.



«Күн қатты ыстық уақытта далада көп отырмау керек. Суды көбірек ішкен дұрыс болады. Бірақ кофеин мен қанты бар сусындарды алмаған абзал», - дейді Ж.Сұңқарбекова.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн #дәрігер #ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.