ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Әлеумет 06.08.2021, 15:12 1,682
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
almaty-akshamy.kz
2021 жылдың 6 тамызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев пен «Абай атындағы ҚазҰПУ» Басқарма...

2021 жылдың 6 тамызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев пен «Абай атындағы ҚазҰПУ» Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Іс-шара барысында Болат Сәрсенбаев орталықтың жетекші әлемдік және отандық білім беру мекемелерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен және сарапшылармен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - ұлттық ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарының бірі, ол жоғары кәсіби педагогтарды ғана емес, сонымен қатар әр түрлі ғылыми бағыттағы жас ғалымдарды дайындаумен айналысатынын баса айтты.


Атап айтқанда, Болат Сәрсенбаев Дархан Біләловты ҚазҰПУ ректоры қызметіне кірісуімен құттықтап, оған Н.Назарбаев орталығының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шаралар кешенін жүзеге асыруы, 2021 жылғы Съез Хатшылығының ХІХ отырысы мен 2022 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық жоспарлары туралы хабардар етті.



Өз кезегінде «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруға, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.





Кездесуге университет ректорының кеңесшісі Жанатбек Ішпекбаев және Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысып, жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында университетте атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.



Кездесу барысында конфессияаралық келісімді орнатуда тиімді шешімдер табуға бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілетудегі Н.Назарбаев орталығының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.



Алдағы уақытта орталық пен университет конфессияаралық және этносаралық келісімнің бірегей қазақстандық үлгісін халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша халықаралық конференциялар, тақырыптық көрмелер ұйымдастыруды сынды ортақ жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті. Сонымен қатар, тараптар орталық базасында университеттің студенттері мен магистранттары үшін кәсіби тәжірибе мен тағылымдаманы ұйымдастырып, академиялық ынтымақтастықты дамыту бағытында нәтижелі жұмыстарды жүргізетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.