ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазыла...

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар

Мәдени Алматы 23.11.2024, 16:43 1,060
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Еуразия» кинофестивалі кезекті рет өзінің Орталық Азиядағы ең ауқымды және беделді мәдени іс-шара екенін дәлелдеп отыр.

«Еуразия» кинофестивалі кезекті рет өзінің Орталық Азиядағы ең ауқымды және беделді мәдени іс-шара екенін дәлелдеп отыр.

 Биыл қазылар алқасының 70%-ын Түркия, Қытай, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Швеция, Марокко сияқты елдерден келген шетелдік сарапшылар толықтырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлінінің мәліметінше, бұл фестивальдің халықаралық деңгейде мойындалғанын және оған деген қызығушылықты айқындайды.

Мәдени шара 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді. Кино әлемінің үздік мамандары – режиссерлер, актерлер, сценаристер мен көрермендер бір алаңда тоғысады. Олар өзара пікір алмасып, заманауи киноның дамуындағы жаңа әдістерді талқылап, өз тәжірибесімен бөлісе алады.

Фестивальдің негізгі байқаулары да ерекше назарда. Халықаралық байқауға әлем кинематографиясының аңызы, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» иегері Нури Бильге Джейлан төрағалық етелі. Қазылар алқасының құрамына сондай-ақ Рано Шодиева, Нада Ажари Гиллон, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов және қырғыз режиссері Артықпай Сүйіндіков бар. Ал Орталық Азия және түркі әлемі елдері байқауында бақ сынасатын туындылардың  ең үздігін басқа топ анықтайды. Қазылар алқасының төрағасы Ли Баохуа. Оның шығармашылығы негізінен мәдени мұра тақырыбына арналған және киносүйер қауымның көңілінен шығады. Қытайлық режиссермен бірге фильмдерді марокколық Абделила Эль Джаухари, ресейлік Алексей Тельнов және қазақстандық продюсер Жанна Қуанышева бағалайды. 

Фестивальге сондай-ақ Азия елдерінің кинематографиясына ерекше көзқарас ұсынатын NETPAC қазылар алқасы қатысады. Олардың қатарында Нина Кочеляева, Гүлбара Толомушова және Андре Рафаэль Иванов бар. 

Кинофестивальдің жүлде қоры да көңіл қуантарлық. Ол 20 миллион теңгеден асады. Байқаудың бас жүлдесін жеңген фильм 4 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Бұл отандық және шетелдік кинематографистерді шабыттандыратыны сөзсіз.

Фестиваль аясындағы көрсетілімдер 25-30 қараша аралығында Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтеді. Ең бастысы мәдени шараның кең аудиторияға қолжетімді болуы үшін барлық көрсетілімдер тегін болмақ.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.

Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.