AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен...

WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен астам қатысушы және 57 құзырет

Алматы 31.03.2026, 10:06 240 Сұлу
WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен астам қатысушы және 57 құзырет
Алматы әкімдігі

Алматыда XI өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты WorldSkills Almaty – 2026 мәресіне жетті. Жарысқа 470-тен астам колледж студенті қатысып, 57 құзырет бойынша шеберлік көрсетті. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс 25-27 наурыз аралығында өтті. Негізгі алаңдар «Атакент» ҚІЫО базасында, сондай-ақ қала колледждерінде ұйымдастырылды. Қатысушылар ақпараттық технологиялар, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика, өнер және дизайн, қызмет көрсету және білім беру бағыттарын қамтитын 7 салада бақ сынады.

Биыл жарыс бағдарламасы кеңейіп, «Шатыр жабу жұмыстары» мен «Құтқару жұмыстары» секілді жаңа құзыреттер енгізілді. Бұл еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандықтардың артып келе жатқанын көрсетеді.

Қатысушылардың жұмысын 500-ден астам сарапшы бағалады, олардың 30%-ы – жұмыс берушілер өкілдері. Бағалау ашықтығын қамтамасыз ету үшін CIS цифрлық жүйесі қолданылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша:

1-орынды — 75 қатысушы,

2-орынды — 89 қатысушы,

3-орынды — 71 қатысушы иеленді.

77 қатысушы «Кәсібилік үшін» медальонымен марапатталды.

Кей бағыттарда жеңімпазды анықтау оңайға соқпай, қатысушылардың нәтижелері тең түсті.

Негізгі жарыстармен қатар 9-сынып оқушыларына арналған JasSkills Almaty – 2026 және ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерге арналған Abilympics жарыстары өтті.

Чемпионат алаңдарына 12 мыңнан астам оқушы келді. Олар үшін «Менің болашақ мамандығым» атты кәсіптік бағдар беру жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Салтанатты жабылу рәсімі 30 наурыз күні Оқушылар сарайында өтті. Өңірлік кезең жеңімпаздары Алматы құрамасына еніп, елордада өтетін WorldSkills Kazakhstan – 2026 ұлттық чемпионатында қаланың намысын қорғайды.

Чемпионатты өткізу қолданбалы дағдыны дамытуға және қазіргі экономиканың талаптарына сай білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);