AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Волонтерлер – бүгінгі адамзаттың элитасы

Волонтерлер – бүгінгі адамзаттың элитасы

Әлеумет 21.06.2023, 06:48 1,060 Almaty-akshamy.kz. 
Волонтерлер – бүгінгі адамзаттың элитасы
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында волонтерлерді бүгінгі адамзаттың элитасына теңеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Бұл форум бірлескен әрекеттер маңызды рөл ойнайтынын көрсетеді. Біз әлемде бұрын-соңды болмаған түрлі проблемаларға кездесіп отырмыз. Сондықтан қазір жарқын болашаққа деген үмітті өшіріп алмау үшін ымырашылдық өте қажет. Мен халықаралық волонтерлік бағдарламалар тиімді екеніне және жеке тұлғалар арасындағы дипломатияны ілгерілетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Өз өмірін өзгелерге арнап жүргендерге, әсіресе мұны халықаралық деңгейде істеп жүргендерге алғыс білдіргім келеді. Өйткені оларды адамзаттың элитасы, бейбітшілік пен мейірімінің нағыз елшілері деп айтуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президент волонтерлік қызметті экологиялық құндылықтарды ілгерілетуге пайдалануға болатынын атап өтті.



«Болашағымыз бақуатты болу үшін бүгінгі әр қадамымызды дұрыс басуымыз керек. Сондай-ақ, экологиялық тұтыну мәдениетін ілгерілету қажет. Ол үшін бізге адамдардың ойлау тәсілін, қоршаған ортаны қабылдау мәдениетін өзгерту қажет. Сонда ғана реформалардың нәтижесі орнықты әрі қалтқысыз болады. Мен волонтерлік жеке адамдардың үлгісі негізінде қалыптасатынына сенемін. Бізге жауапты азаматтық және патриотизм ұғымдарының негізінде дамудың жаңа парадигмаларын қалыптастыру керек. Елімізде волонтерлік қызметтің кеңінен тарауына қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз», - деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #волентер #адал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);