ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / VIII театр маусымы ашылды

VIII театр маусымы ашылды

Мәдени Алматы 09.10.2024, 20:05 1,085
VIII театр маусымы ашылды
Сурет: Самат Құсайынов
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Alatau FM radiosy» спектаклінің премьерасы мен VIII театр маусымының ресми ашылу салтанаты өтті.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Alatau FM radiosy» спектаклінің премьерасы мен VIII театр маусымының ресми ашылу салтанаты өтті.

Театр ұжымы алдағы маусымдағы жаңалықтарымен бөлісіп, театр алаңында әртістердің қызыл кілемдегі шеруі мен мерекелік концерт ұйымдастырылды. 

– Бүгін VIII театр маусымының ресми ашылу салтанаты өтіп жатыр. Осы орайда  «Alatau FM radiosy» спектаклінің премьерасы болып жатыр. Біз өткен маусымды премьерамен жауып, премьерамен ашып жатырмыз. Алдағы уақытта көптеген қойылымдар қоямыз деген жоспар бар. Соның ішінде Біржан сал, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған қойылымдар жоспарлануда. Біздің театрымызда өнерлі актерлерімізден бөлек, әнші, биші және күйшілеріміз бар,– деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Нұралиев.

 – «Alatau FM radiosy» музыкалық комедия өзіміздің қазақстандық авторлардың туындысы. Жалпы қазіргі уақыттағы мәселелерді қамтитын қойылым. Спектакль өз арманыңа сеніп, ісіңе адал болуды және жақындарыңа көңіл бөлу секілді ізгі қарым-қатынасты насихаттайды. Қойылым шағын радиостанцияның бүкіл қаланың дауысына айналғаны туралы оқиғаны баяндайды. Сондай-ақ, бұл ең қиын жағдайдада өзіңе және армандарыңа сенудің арқасында тығырықтан шығудың жолын табуға болатындығы туралы қойылым,– деді қойылым режиссері Есләм Нұртазин.

«Аlatau FM radiosy» жаңа музыкалық комедиясында көрермендерді әзіл-қалжыңы жарасқан бүгінгі күннің кейіпкерлері мен жанды дауыстағы ерекше әндерін ұсынды. Көрермен жасына қарамастан, бұл қойылым барлығына нағыз мереке сезімін сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.