AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Везуль кинофестивалінде қазақстандық 51 фильм көрс...

Везуль кинофестивалінде қазақстандық 51 фильм көрсетілген

Не? Қайда? Қашан? 08.02.2022, 09:47 1,435
Везуль кинофестивалінде қазақстандық 51 фильм көрсетілген
Сурет: 24.kz

Бұл - Орталық Азиядағы өзге елдермен салыстырғанда көп көрсеткіш.


Қазақ киносы Францияда қарапайым көрерменнің де, сала мамандарының да жүрегін жаулап алған. Олар жаңа фильмдерімізді үнемі асыға күтетіндерін айтады. Биыл олардың назарына "Моңғол" тарихи блокбастері, режиссер Әмір Байғазиннның «Жаралы періште» мен режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмдері және Жапониямен бірлесіп түсірілген «Барымташылар» картинасы  ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 



«Көрсетілген фильмдер көрермендердің елімізге қызығушылығын арттырды. Ұлы дала мен тауларды көру үшін пандемиядан кейін Қазақстанға қалай баруға болатыны жайлы үнемі сұрайды. Адамдарыңыз қандай сұлу дейді. Яғни кинематографияның арқасында Қазақстанға саяхаттауға ынтасын ояттық», - Франциядағы Қазақстан кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов 



Орталық Азия киносының ретроспективасын ЮНЕСКО ұйымы да қолдады.  Фестиваль ұйымдастырушылар «Ташкент - город хлебный» фильмін көрсету мүмкіндігін үлкен жетістік деп санайды. Өйткені оларға бұл картинаның түпнұсқасын айрықша сеніп тапсырған екен.



«28 жыл бойы халықты Орталық Азия киносымен таныстырып келеміз. Бұл өте сирек фильмдер болғандықтан, көрермендерге мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес беремін. Фестиваль қонақтары бірегей ретроспективаны ұйымдастыру бойынша еңбегімізді жоғары бағалады», -  деді Везулдегі Азия киносы фестивалінің ұйымдастырушысы Жан-Марк Теруанн.



Ұйымдастырушылардың айтуынша, Орталық Азия киносы – фестиваль тарихындағы ең  үлкен жаңалық. Пандемия кесірінен бүкіл әлемде киноөндіріс тоқырап тұрған тұста, ретроспективалық көрсетілімдер індетке дейін түсірілген үздік туындыларды тамашалауға мүмкіндік береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #фильм #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);