Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Велосипедпен 49 елге саяхаттаған алматылық Антаркт...

Велосипедпен 49 елге саяхаттаған алматылық Антарктиданы бағындыруды армандайды

Әлеумет 14.12.2023, 12:43 1,115
Велосипедпен 49 елге саяхаттаған алматылық Антарктиданы бағындыруды армандайды
Сурет: youtube/MUSAFIR PUTNIK

Алматылық велосаяхатшы Антарктиданы бағындыруды армандайды.


Талғат Жұмабеков екі доңғалақты көлігімен бұған дейін 49 елге саяхат жасаған. Ол тағы 101 мемлекетті аралауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Талғат Жұмабеков велосипедпен саяхаттау идеясы алғаш рет сегіз жыл бұрын келген. Одан кейін Меккеге барып, қажылық парызын өтеуді жоспарлады. Алғашында киелі мекенге жаяу жеткісі келеді, бірақ кейін жолды велосипедпен кесіп өтуді жөн көреді. Мысырға жетеді, бірақ бірден Сауд Арабиясына виза ала алмайды. Төртінші әрекетінде ғана Талғат жоспарын орындай алды.


Саяхатшының айтуынша, алғашқы велосаяхатынан кейін ол саяхаттың бұл түріне ғашық болып, енді тоқтай алмай отыр.



"Мен өзіммен күресу үшін осы қиындықтардың барлығын жеңдім. Содан тәндік және моральдық ләззат алдым. Рухани! Менің саяхатымның ажырамас бөлігі - рухани азық алу, адамдармен қарым-қатынас", - дейді Талғат Жұмабеков.



Ер адамның айтуынша, велосипед тебу оның өмір салтына айналған. Ол 49 елді аралап үлгерді. Басты мақсаты – елімізді танымал ету. Сондықтан ол велосипедімен қайда жүрсе де Қазақстанның туы желбіретіп жүреді. Ер адам шетелдіктермен араласқанды, олардың мәдениетімен танысқанды және қазақ мәдениеті туралы сөйлескенді ұнатады. Жолда тек жақсы адамдар кездеседі дейді. Олар көмектеседі, қонаққа шақырады, дастархан жайып, түнде тұруды қамтамасыз етеді.


Енді Талғат Жұмабеков Колумбияға ат басын бұрды. Ол Аустралияға баруды және Антарктидаға аз да болса қол тигізуді армандайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяхат #велосипед #Антарктида
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ываывавыаыа

Бүгін 10:39

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.