ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ваучерлік жүйе 27 млрд теңге үнемдеді

Ваучерлік жүйе 27 млрд теңге үнемдеді

Әлеумет 07.04.2025, 13:21 550
Ваучерлік жүйе 27 млрд теңге үнемдеді
gov.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке...

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған.

Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді.

Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды.

Ваучерлік жүйе артықшылықтары:

  • Біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі. Бұрынғыдай конкурс негізінде емес, білім басқармалары мемлекеттік тапсырысқа өтінім беріп, белгіленген талаптарға сай келетін балабақшалардан Тізімді қалыптастырады.
  • Екіншіден, әділдік. Ата-аналар мемлекеттік ваучер алады және оны тізімге енгізілген кез келген балабақшада қолдана алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшалардың көрсетілетін қызмет сапасын арттыруына серпін болады.
  • Үшіншіден, сапаны бақылау. Балабақшалардың қызметін бағалауға деген жаңа көзқарас енгізілді. Білім беру сапасын енді ата-аналар бағалайды, бұл субъективтілікті жояды және қызмет сапасын арттырады. Сонымен қатар, жоба нарыққа жаңа қатысушылардың келуіне жол ашады, бұл бәсекелестікті арттырып, сапаны едәуір жақсартады.
  • Төртіншіден, ашықтық. Қаражат енді балаға байланысты бөлінеді. Жергілікті органдардың әр балабақшаға мемлекеттік тапсырыс көлемін бекітуі жойылды. Бала бір балабақшадан екіншісіне ауысқанда, ваучер де бірге ауысады.
  • Бесіншіден, бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану. Қаржыландыру мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың нақты баруына байланысты жүзеге асырылады, бұрынғыдай тізім бойынша емес.

Жаңа жүйенің тиімділігін пилоттық жобаның алдын ала қорытындылары растады. Пилоттық жоба жүзеге асырылған қалаларда кезек айтарлықтай қысқарды, ал кейбір қалаларда (Тараз, Түркістан, Орал) балабақшаға кезекте тұрған барлық балалар орналастырылды.

«Өлі жандарды», қайталанған және бірнеше балабақшада тіркелген балаларды алып тастау есебінен жобаны іске асыру басталғалы 27 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.

Осы үнемделген қаражаттың 25 млрд теңгесі бұрын кезекте тұрған балаларды орналастыруға, ал 2 млрд теңгесі жаңадан кезекке тұрған, 2 жасқа толған балаларға бағытталды.

Кездесу барысында Шымкент және Қарағанды қалаларындағы кезек мәселелері қаралды. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігіне кәсіпкерлермен жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды, бұл кезекте тұрған балаларды қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.