ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Вакциналарда бронхит тудыратын зат бар

Вакциналарда бронхит тудыратын зат бар

Медицина 29.09.2023, 12:26 1,389
Вакциналарда бронхит тудыратын зат бар
Сурет: Stopfake.kz
Ол «Спутник-V» вакцинасының құрамында бар және бұл құпия емес.

Ол «Спутник-V» вакцинасының құрамында бар және бұл құпия емес.


Telegram мессенджерінде пайдаланушылар COVID-19-ға қарсы «Спутник-V» вакцинасында бронхит белгілерін тудыратын қауіпті зат бар деп жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл вакциналардың көмегімен адамдарды әдейі улап, препараттың жанама әсерлерін COVID-19 жұқтырудың белгісі деп айтылатынын дәлелдейді екен.


Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл жалған.


Таралған роликте ЭДТА немесе этилендиаминтетрацет қышқылы деп аталатын зат туралы айтылған. Ол «Спутник-V» вакцинасының құрамында бар және бұл құпия емес.



ЭДТА – бұл фармацевтикада ғана емес, жеңіл өнеркәсіпте де қолданылатын адамға зиянсыз зат. Мысалы, ол көптеген сусабындар мен косметикалық өнімдердің құрамына кіреді. Бұл қышқыл өнімнің қауіпсіздігін және оның түрін қамтамасыз ету үшін қажет. Сусабындардың құрамында ЭДТА судың қаттылығына қарсы әрекет етіп, сусабынды пайдаланған кезеңде оның қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.



Медицинада ЭДТА радиоактивті металдарды ағзадан шығару, қанды сақтау және тағы басқалар үшін қолданылады.


Вакциналарда ЭДТА вакцинаның негізгі белсенді компоненті болып табылатын аденовирустық векторға бекітілген SARS-CoV-2 коронавирус ақуызын сақтау үшін қолданылады.


ЭДТА-ның уыттылығы төмен және медицина мен жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын шағын дозаларда адамға ешқандай әсер етпейтіні ғылыми дәлелденген. Сондай-ақ, ЭДТА теріге әсер еткенде немесе ішкенде бронхит белгілерін тудыратынына ғылыми дәлелдер жоқ.


Олай болса, таралған хабарлама жалған. COVID-19 қарсы вакциналарда бронхит тудыратын заттар жоқ. Препаратты өндірушілер өз өнімін жасау кезінде адамдарды улауды көздемеген.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.