AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үстіміздегі жылы салық 31%-ға көп түскен

Үстіміздегі жылы салық 31%-ға көп түскен

Экономика 15.10.2021, 06:01 1,446
Үстіміздегі жылы салық 31%-ға көп түскен

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке салықтық түсім бойынша жоспар 103,8%-ға орындалды


Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға немесе 1 775,7 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, республикалық бюджетке ең көп түсімдердің өсуі мұнайға салынатын экспорттық кеден баждарынан 352,5 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, корпоративті табыс салығы 390,8 млрд теңгеге немесе 44,9%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 171,5 млрд. теңгеге немесе 36,6%-ға, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 105,2 млрд. теңгеге немесе 22,7%-ға және пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 103,7 млрд теңгеге немесе 46,8%-ға өскені байқалады.


Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті. «Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, ағымды жылдың 9 айында негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 64,5%-ға, мысқа 57,3%-ға, алюминийге 44,2%-ға, мырышқа 34,0%-ға, күміске 33,8%-ға, қорғасынға 19,7%-ға және алтынға 3,8%-ға. $ бағамы 1 теңгеге 3,9%-ға өсті.


Мұнайға салынатын әкету кедендік баждары 24,3%-ға өсті. Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 8,2%-ға өсті. 2021 жылдың 9 айында, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, тауар айналымы 28,7%-ға өсті.


Қосылған құн салығы түсімінің 40% құрайтын ірі салық төлеушілердің тауар айналымы 18,4%-ға өсті. Көрсетілген кезеңге бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машинасынан орташа түсімі 11,8%-ға өсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үстіміздегі #жыл #салық #көп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);