ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Ұшақты 5 сағаттан артық күткен жолаушы билет ақшас...

Ұшақты 5 сағаттан артық күткен жолаушы билет ақшасын қайтара алады

Керек кеңес 12.08.2025, 14:27 521
Ұшақты 5 сағаттан артық күткен жолаушы билет ақшасын қайтара алады
Сурет: kstnews.kz
Қазақстанда әуе компаниясының кінәсінен уақытында ұша алмаған жолаушының заң бойынша қандай құқықтары бар?

Қазақстанда әуе компаниясының кінәсінен уақытында ұша алмаған жолаушының заң бойынша қандай құқықтары бар?

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Дархан Катышев билет аларда не нәрсеге мән беру керегін түсіндірді.

Шағым көп екенін мойындаймыз. Әлеуметтік желілерде, өзімізге де арыздар түсіп жатады. Жолаушыларға ең алдымен айтарымыз – билет аларда тарифке қарау керек. Мысалы, Fly Arystan-ның 15 түрлі тарифі бар. Ақшасы қайтарылатын тариф те, қайтарылмайтын тариф те болады. Әрқайсысының бағасы да әртүрлі, - деді ол.

Катышев билет сатып аларда оның ережелеріне назар аудару керегін ескертті. Қағидаларда билет құнын қай кезде қайтаратыны, қашан қайтармайтыны немесе ваучермен берілетіні нақты жазылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда әуе компаниясының кінәсінен уақытында ұша алмаған жолаушының заң бойынша мынандай құқықтары бар:

2 сағаттан артық күткен жағдайда – екі телефон қоңырауын шалу және екі электрон хат жіберу мүмкіндігі;
2 сағаттан артық күткен жағдайда – салқын сусындармен қамтамасыз ету;
күндіз 6 сағаттан, түнде 8 сағаттан артық күткен жағдайда – ыстық тамақ беру;
"Ана мен бала" бөлмесіне (болса) кіру мүмкіндігі;
6–8 сағаттан артық күткен жағдайда – қонақүй мен оған дейінгі трансфер;
5 сағаттан артық кешіккенде – ұшудан бас тартып, билет ақшасын толық қайтарып алу.
5 сағаттан артық күткен адам ұшудан бас тартып, билет ақшасын қайтара алады. Қайтарымсыз тарифпен алынған билет болса да, толық ақшасын алып, ұшудан бас тартуға құқығы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.