Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үш мыңнан астам алматылық банкроттық бойынша арыз...

Үш мыңнан астам алматылық банкроттық бойынша арыз берген

Әлеумет 24.04.2023, 12:12 1,512
Үш мыңнан астам алматылық банкроттық бойынша арыз берген
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Банкроттық бойынша барлық түскен өтініштердің 83 пайызы қаралған.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заңды іске асыру аясында 3 наурыздан бастап банкроттық туралы азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды. Ағымдағы жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша 3 662 өтініш түсті», - деді Мемлекеттік кірістер департаменті қарыздармен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Будугулов.



Өтініш берушілердің 362-і АӘК алушылар. Бес жыл бойы берешегі бар 690 азамат жүгінген.


Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, бүгінде 3662 өтініштің 3055-і қаралған. Оның ішінде 503 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қозғалған, бұл түскен өтініштердің 14% пайызын құрайды.


Азаматтардың 2 552 өтініші бойынша соттан тыс банкроттық бойынша өтініш беруден бас тартты, кейбір несиелік келісімдердің орындалмауынан – кешіктіру мерзімі 12 айдан аспай, сонымен қатар мүліктің бар екені анықталады. Мұндай өтініштердің саны 70 пайызды құрайды.



«Соттан тыс тәртіпте банкроттық туралы өтініш бергенде белгілі бір талаптар қойылады. Азаматтар бұл тәртіпті 1600 АЕК-тен жоғары (2023 жылы – 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы берешектердің барлық түрлері бойынша қолдана алады», - деп нақтылады брифинг спикері.



605 өтінішке қатысты (бұл барлық түскен өтініштердің 16%-ы) тексеру жүргізілуде.
Сот банкроттығына қатысты бүгінге дейін 58 өтініш түскен. Олардың ішінен:


- 6 азаматқа банкроттық туралы азаматтық іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылып, қаржы менеджерлері тағайындалған.


- 32 азамат бойынша сот арызды қайтарды, арызды қабылдамаудың негізгі себебі талап-арыздың талапқа сәйкес келмеуі болып табылады.


Сондай-ақ, азаматтар банкрот деп танылғандықтан, оларға 5 жыл бойы несие берілмейтіні ескертіледі.


Журналистердің сұрақтарына жауап берген Айдос Будугулов өзін банкрот деп жариялағысы келетін жеке тұлғалардың әрбір өтініші 15 жұмыс күні ішінде қаралатынын баса айтты. Банкроттық рәсімінің өзі 6 айға созылады, оның мерзімі өткеннен кейін банкрот деп танылған азаматтардың тізімі уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады.


Соттан тыс банкроттық туралы өтініш беру үшін азаматтар «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы, сондай-ақ азаматтарға арналған Үкімет порталына жүгіне алады. Сонымен қатар, ХҚО арқылы қағаз жүзінде өтініш беруге болады. 
Ал соттың банкроттық рәсімінен өтуі үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіну қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Банкроттық #алматылықтар #арыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.