ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Бішкекке к...

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Бішкекке келді

Саясат 10.03.2023, 22:00 1,312
ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Бішкекке келді
Сурет: Ашық дереккөз
Қырғызстан "Бұзылмас бауырластық - 2023" оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр

Қырғызстан "Бұзылмас бауырластық - 2023" оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қырғыз елінің жоғары саяси және әскери тұлғаларымен кездесу өткізу үшін Бішкекке келіп жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл сапар аясында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР Президенті Садыр Жапаровтың кездесуі өтеді, онда тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ аталған ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылайды деп күтіледі.


Садыр Жапаров Қырғызстан ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастыққа өңірдегі қауіпсіздіктің кепілі ретінде айырықша мән беретінін атап өтті. Әскери, ақпараттық және гуманитарлық сипаттағы шараларды үйлестіру мақсатында Қырғызстан биыл ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Бұзылмас бауырластық - 2023" оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр.


ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2023 жылға арналған бағдарламалары мен басымдықтарын, сондай-ақ ҰҚШҰ ҰҚК кезекті сессиясына дайындық барысын баяндады. Одан бөлек, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің орындалуы және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат берілді.


Айта кетсек, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құрамына алты мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.