ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / ҰҚШҰ әскері дағдарыс аяқталғаннан кейін елдеріне қ...

ҰҚШҰ әскері дағдарыс аяқталғаннан кейін елдеріне қайтады - Ерлан Қарин

Саясат 10.01.2022, 03:45 1,601
ҰҚШҰ әскері дағдарыс аяқталғаннан кейін елдеріне қайтады - Ерлан Қарин
Cурет: Inform.kz
Біз мемлекеттің тұтастығын қорғап қалдық

Біз мемлекеттің тұтастығын қорғап қалдық


ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік контингентінің дағдарыс аяқталғаннан кейін елдеріне қайтатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.



«Қатаң, шешімтал әрекеттер қабылдау керек болды. Президент осындай шешімдер қабылдады да. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік контингентін тарту тұрақсыздық орнату жоспарын бұзып, болдырмай тастады. Өйткені бітімгерлік контингентті шақырудың арқасында құқық қорғау органдары мен армияның күштерін контртеррористік операцияны жүргізуге шоғырландырды.
Бірақ осы төңіректегі сауалдарға алдын ала жауап бере отырып, бірден атап өткім келеді. Бұл туралы бірнеше мәрте айтылды да. Бірақ тағы бір рет еске салып, қайталау керек сияқты. Бітімгерлік контингент тек стратегиялық нысандарды күзету функциясын ғана орындайды», - деді Мемлекеттік хатшы.



Сондай-ақ, Ерлан Қарин елдегі осы бір дағдарыс аяқталғаннан кейін сырттан келген әскерилер елдеріне қайтатынына сенім білдірді.



«Бітімгерлік контингент елдің егемендігіне нұқсан келтіреді деген әңгімелердің бәрі сөз ғана. Егер мемлекеттің тұтастығы бұзылған болса, қорғайтын ештеңеміз де қалмайтын еді. Сондықтан ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентін шақыру, керісінше, мемлекеттің тұтастығын қорғауға көмектесті. Президенттің осы шешімдерінің арқасында біз елімізді қорғап қалдық деп ойлаймын. Осыны ашық айтуымыз керек. Біз тек қана тәртіпті қалпына келтірген жоқпыз, мемлекеттің тұтастығын қорғап қалдық. Біз тәртіпті қалыпқа келтірдік деген сияқты сөздерді айтқанда, елде болған және болып жатқан ахуалдың сипатын толық бере алмаймыз. Таяқтың бір ұшында тек тәртіпті қалыпқа келтіру ғана емес, мемлекетті сақтап қалу, қорғап қалу мәселесі тұрды. Қаңтардың осынау драмаға толы күндерінде біз мемлекеттілігімізді сақтап қала алдық», - деді Ерлан Қарин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.