ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Үнді делегациясы қазақстандық бітімгерлерді даярла...

Үнді делегациясы қазақстандық бітімгерлерді даярлау орталығына барып қайтты

Билік 18.06.2021, 14:19 1,836
Үнді делегациясы қазақстандық бітімгерлерді даярлау орталығына барып қайтты
Сурет: Gov.kz.
Үнді делегациясы қазақстандық бітімгерлерді даярлау орталығына барып қайтты

Үнді делегациясы қазақстандық бітімгерлерді даярлау орталығына барып қайтты


 Қазақстандағы Үндістан елінің елшісі Шубхдаршини Трипатхи мен әскери атташе Милан Налаваде Алматыдағы бітімгерлік даярлық орталығына барды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Қорғаныс министрлігінің таратқан хабарына сілтеме жасап.


Орталық басшысы, полковник Бауыржан Нығматуллин елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған алда еліміздегі қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар Үндістан Республикасының Әскери атташесі, полковник Милан Налаваде Қазақстан Республикасындағы мерзімінің аяқталуына қарай, оның қазақстандық бітімгерлікті дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, елеулі еңбегіне алғысын жеткізді.


Кездесу барысында тараптар бітімгерлік әлеуетті дамыту шеңберіндегі Үндістан мен Қазақстанның қорғаныс ведомстволары арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.


Аталмыш орталықтың мақсаты, қызметінің мәні мен оның даму жолдары туралы полковник Бауыржан Нығматуллин баяндады.


Кездесу өткен жылдың желтоқсан айында ашылған бітімгерлік даярлықтың қазақстандық-үнділік сыныбында өтті.


Шубхдаршини Трипатхи еліміздің қонақжайлылығы мен кездесуге өз атынан алғысын айтып, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға өзінің қатысуын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның қосқан үлесіне жоғары баға берді.


Бұдан өзге де, елші үнді тарапы бітімгерлік даярлық орталығын дамыту ауқымында өзара тығыз іс-қимыл жасауға дайын екенін мәлімдеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.