AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлы Жеңіс – халықтың ерлігі мен бірлігінің символы

Ұлы Жеңіс – халықтың ерлігі мен бірлігінің символы

Әлеумет 24.04.2025, 12:41 758 Bakyt
Ұлы Жеңіс – халықтың ерлігі мен бірлігінің символы
автордың жеке мұрағаты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде алдағы маңызды тарихи дата – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына тоқталып, бұл оқиғаның бүгінгі халықаралық ахуал үшін де өзекті тағылымы бар екенін ерекше атап өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Президенттің айтуынша, арада сегіз онжылдық өтсе де, 1945 жылғы Жеңістің рухы – ұлт пен ұлыстардың ынтымағы мен адамзаттың бейбіт өмірге деген ұмтылысының нышаны болып қала береді.

"Екі аптадан кейін әлемдік маңызы бар тарихи оқиға – Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Біз бұл мерейтойды кең көлемде атап өтеміз. Қазақстанның майдангерлері мен тыл еңбеккерлері – барша халқымыз Отан үшін отқа түсті", – деді Тоқаев.

Ол Жеңіс күнінің тағылымы – әсіресе қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістер мен тұрақсыздық жағдайында – ерекше маңызды екенін баса айтты.

"Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясаттың салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі әлемдік тәртіптің сенім дағдарысын бастан кешіріп жатқанын атап өтті. Әсіресе, халықаралық құқық нормаларының әлсіреуі мен халықаралық ұйымдардың беделінің төмендеуі алаңдаушылық тудыратынын жеткізді.

"Дүние жүзі сенім дағдарысымен бетпе-бет келген шақта экстремистік идеологияның оралуы, популизм мен талас-тартыстың өршуі, халықаралық құқықтың құнсыздануы, негізгі халықаралық институттардың әлсіреуі байқалады", – деді Тоқаев.

Ол Қазақстанның бұл үдерістерге қарсы тұруда айқын ұстаным ұстанып отырғанын, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепілі ретінде БҰҰ-ны реформалау мен қолдауды белсенді түрде ұсынып келе жатқанын атап өтті.

"Қазақстан БҰҰ Жарғысын қатаң ұстануды, Ұйымды реформалауды дәйекті түрде ұсынып келеді. Қазіргі жағдайда БҰҰ баламасы жоқ ғаламдық ұйым болып қала береді. Сондықтан біз БҰҰ-ны қолдаймыз", – деп түйіндеді Президент.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жеңіс күні #ерлік #ұрпақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);