Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды

Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды

Әлеумет 06.01.2025, 10:40 1,055
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2025 жылғы жаңа оқу кезеңі басталды. 

Қолбасшылық басқармасының офицерлерімен, сондай-ақ, Алматыдағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен және сарбаздармен алғашқы тәрбиелік сабақты Астанадан арнайы келген Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов жүргізді. 

Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының биылғы оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті. Сондай-ақ, құқықтық тәртіп әскеріндегі тәрбие және ақпараттық-имидждік жұмыстардың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының негізгі талаптарының бірі – заңдылық пен тәртіп. Ұлттық ұлан әскерінде құқық бұзушылыққа жол жоқ. Бәріміз ең бірінші кезекте сарбаздардың денсаулығы мен амандығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл әскер басшылығының талабы, Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында осы мәселеге ерекше назар аударды, – деді Қайрат Жарылқасынұлы. 

Сонымен қатар, ол Ұлттық ұлан әскерінің еліміздің өркендеуі һәм тыныштығы жолындағы қосқан үлесін тілге тиек етті. Алғашқы тәрбиелік сағаттан кейін саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ, әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік іс-шараларын қатаң сақтау бойынша сабақтарға тарасты.

Сабақтар барысында жеке құрамға қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің барлық бағыты бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. 

Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген жауапты міндеттер тұрғаны шегеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #оқу #сарбаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.