AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ұлттық ұлан сержанты әке арманы үшін велосипедпен...

Ұлттық ұлан сержанты әке арманы үшін велосипедпен 900 шақырым жүріп өтті

Мұны білген жөн 28.07.2026, 15:49 377
Ұлттық ұлан сержанты әке арманы үшін велосипедпен 900 шақырым жүріп өтті

Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің сержанты Дамир Нағалиев әкесіне берген уәдесін орындау үшін велосипедпен 900 шақырымнан астам жолды жүріп өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл сапар – тек спорттық жетістік емес, әке аманатына деген адалдықтың, отбасы құндылығына деген құрметтің және әскери қызметшіге тән табандылықтың жарқын көрінісі.

Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде қызмет ететін сержант Дамир Нағалиев көптен бері әкесінің арманын жүзеге асыруды мақсат еткен. Әкесі кезінде Жетісайдан Сақанға дейін велосипедпен сапар шегуді армандаған, бірақ орындауға мүмкіндік болмаған.

Осы арманды әке аманаты ретінде қабылдаған әскери қызметші еңбек демалысын толықтай осы мақсатқа арнады. Ол Алматы қаласынан Жетісайға дейін 900 шақырымнан астам қашықтықты сегіз күн ішінде велосипедпен еңсерді.

- Әкемді райынан қайтарып алдымен бұл жолдың қаншалықты қиын екенін өзім көріп, білгім келді. Сол себепті ең алдымен өзім жүріп өтуді жөн көрдім. Әкемнен рұқсат алып, демалысқа шығар алдында велосипед сатып алдым. 1 шілде күні түнгі сағат 02:00-де ешқандай дайындықсыз жолға шықтым, - дейді Дамир Нағалиев.

Сапар барысында ұландық жауынгер жауын-шашынға, қатты желге және күрделі асуларға қарамастан діттеген жеріне аман-есен жетті. Ең ұзақ күндік жүрісі – 230 шақырымды құраған.

Дамирдің айтуынша, әскери қызметте қалыптасқан тәртіп, төзімділік пен жауапкершілік, сондай-ақ отбасы мен әріптестерінің қолдауы барлық қиындықты еңсеруге күш берген.

Бұл сапар – тек ұзақ қашықтықты бағындыру емес. Бұл - әке аманатына деген құрметтің, берілген уәдеге адалдықтың және әскери қызметші рухының айқын үлгісі. Осындай өнегелі іс жастарға отансүйгіштік пен отбасылық құндылықтардың маңызын дәріптейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);