ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Заречный шағынауда...

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Заречный шағынауданындағы өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялады

Әлеумет 06.02.2026, 18:56 199
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Заречный шағынауданындағы өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялады
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
2026 жылғы 5 ақпанда сағат 20:30 шамасында Алатау қаласының Заречный шағынауданында, №20 көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

2026 жылғы 5 ақпанда сағат 20:30 шамасында Алатау қаласының Заречный шағынауданында, №20 көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Осы уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – аға лейтенант Ербол Арыстанов, сержант Бауыржан Жайдарин және ефрейтор Нұржан Бекболатов қызметтен кейін үйлеріне қайтып бара жатқан. Олар пәтерден қою түтін шығып жатқанын байқап, дереу 101 және 103 қызметтеріне хабар берген, содан кейін тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.

Әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, подъезден шамамен 20 баланы, бірнеше әйелді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қауіпсіз жерге шығарған. Әсіресе бесінші қабаттағы жағдай ерекше қауіпті болды. Онда сыртынан құлыпталып қалған пәтерде үш кәмелетке толмаған бала болған. Қатты түтін мен көмірқышқыл газынан улану қаупіне қарамастан, әскери қызметшілер жоғарғы қабатқа көтеріліп, таза ауаның келуін қамтамасыз етіп, есікті бұзып, балаларды аман алып шықты.

- Екінші қабаттағы пәтердің терезесінен жалын мен қою қара түтін шыққанын көріп, ең алдымен тұрғындарға көмектесуге тырыстық. Олардың арасында кішкентай балалар мен қарт адамдар көп болды. Подъезд қатты түтінге толып, тыныс алу мен бағдар алу қиынға соқты, сондықтан олар өздігінен ғимараттан шыға алмады, – деді аға лейтенант Ербол Арыстанов.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті сөндіруге дереу кірісті. Облыстық ТЖД өрт сөндірушілерінің күшімен өрт толықтай ауыздықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында көптеген адамдардың өмірі сақталып қалды. Олардың кәсіби дайындығы мен азаматтық жауапкершілігі Ұлттық ұланға тән жоғары рух пен ерліктің айқын үлгісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.