ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Ұлттық Құрылтайда ұлттық мәселелер қозғалды

Ұлттық Құрылтайда ұлттық мәселелер қозғалды

Саясат 30.07.2023, 09:14 1,506
Ұлттық Құрылтайда ұлттық мәселелер қозғалды
Сурет: ашық дереккөз
Биыл Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселе хақында сенатор Нұртөре Жүсіп Almaty-akshamy.kz тілшісіне өз ойын бөліскен еді.

Биыл Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселе хақында сенатор Нұртөре Жүсіп Almaty-akshamy.kz тілшісіне өз ойын бөліскен еді.


Ұлттық Құрылтайда көптеген ұлттық, мемлекеттік, әлеуметтік мәселелер қозғалды. Жаңа ғасырдағы Қазақ елінің келешегіне қатысты бірқатар нақты бастама көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алқалы жиында талай аталы сөзді айта келіп,”Сонымен бірге балаларға экологиялық тәрбие беру маңызды. Оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйреткен жөн. Мәдени мұраларымызды танып-білуге, қорғауға дағдыландыру керек. Оқушылар театрға, мұражайға және тарихи орындарға жиі барып, рухани жағынан дамуы қажет" деген ой айтты. Мұның бәрі ел тағдыры үшін өте өзекті мәселелер деп есептеймін. 
Сонымен қатар ірі қалаларды сумен, жылумен қамту проблемасын алға тартты.



“Осы түйткіл – әкімдердің жұмысындағы нағыз олқылық. Оны тез арада түзету керек. Әкімдердің қолынан келмесе, тиісті шешімдерді қабылдаймын”,-деп мәселені төтесінен қойды.



Шынында қазір Астана мен Алматы қаласындағы су тапшылығы өте күрделі мәселе. Екі мегаполисте тұрғын үйлер қисапсыз салынып жатыр. Соның салдарынан сумен жабдықтау ісінде үлкен проблема туындап отыр. Астанада бірқатар шағын аудандар сусыз қалды. Алматының Медеу ауданында да күрделі ахуал пайда болды.
Қазақстан үшін су проблемасы жылдан жылға күшейе бермек. Осындай жағдайда қала әкімдіктері шұғыл әрекет етуі тиіс. Қосымша су көздерін табу, оларды су үнемдейтін жаңа технологиялар арқылы тиімді пайдалану басты мақсат болуы тиіс. Өкінішке қарай тұрғындар тарапынан суды үнемді және дұрыс пайдалану талаптары сақтала бермейді.
Алматы қаласы таулы аймақта орналасқаннан кейін жауын-шашын көп болады. Қала көшелерінен, қаланы көктей өтетін ірілі-кішілі өзендер мен бұлақтардың, жаңбыр суын арнайы тоспа жасап, су резервуарларына жиып, техникалық су есебінде пайдалану жағы мүлдем ескерілмеген. Ғалымдар мен жаңа технологияны игерген мамандарды осы іске тартуға не кедергі?
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру да өзекті мәселе.



Қазақстанды әр азамат “Бұл менің туған жерім, атамекенім! Сондықтан оны көздің қарашығындай сақтауым керек” деген түсінікті жас ұрпақтың санасына мықтап сіңдіру қажет.



Ұлттық Құрылтайда ұлттық идеологияға қатысты арналы ұсыныстар жасалған болатын. Парламент палаталарының бірлескен отырысында осы ұсыныстарды “Бекзат қоғам” деген ұлттық жобаға айналдырып, қаржыландыру мәселесін кешенді түрде шешіп, Мемлекет басшысының ой-ұсыныстарын жедел жүзеге асыруды ұсынған едім. 
Ұлттық Құрылтай - халықтың арман-аңсарын тоғыстырған мәртебелі жиын. Президентіміз сол жиындарда ең өзекті деген ұлттық мәселелерді қозғап, нақты ұсыныстар жасап келеді. Бұл ұсыныстар халықтың діттеген жерінен, жүрек көңілінен шықты. Енді соның бәрін кешенді сипатта жүзеге асырудың жайына кіріскен абзал!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.