AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатт...

Ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды

Білім және ғылым 18.02.2023, 09:34 1,364 Аlmaty-akshamy.kz
Ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Сайыстың барлық кезеңі америкалық парламент форматы (AПФ) бойынша өтіп, үздіктер анықталды.


Астанада Қазақстанның әр өңірінен келген 120 пікірсайысшының қатысуымен екі күн бойы турнир өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайыстың барлық кезеңі америкалық парламент форматы (AПФ) бойынша өтіп, үздіктер анықталды.


Қазақ, орыс және ағылшын лигаларында І орынды Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының командалары жеңіп алды.



«Пікірсайыс – көшбасшы жастарды тәрбиелейтін ең мықты құрал, білімге жетелейтін алтын баспалдақ десек те болады. Сіздер екі күн бойы сынға түсіп қана қоймай, жаңа дос таптыңыздар. Жаңа орта қалыптасып, өз білімдеріңізді таразыладыңыздар. Қатысушылардың барлығын және жеңімпаздарды құттықтаймын. Сіздердің әрқайсыларыңыз – ел тізгінін ұстайтын азаматсыздар!» - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.



ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері, «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Үздік сарапшы» номинациясының иегерлері мен қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігі атынан сыйлықтар табысталды.


Айта кетейік, қазіргі күні республика бойынша 6 726 пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Онда 120 мыңнан астам оқушы құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлауды, командада жұмыс істеуді үйренеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық пікірсайыс #дебат #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);