ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық палата механизм бекітілгеннен кейін бизнес...

Ұлттық палата механизм бекітілгеннен кейін бизнес шығыны қалай өтелетінін түсіндірді

Әлеумет 15.01.2022, 11:44 1,148
Ұлттық палата механизм бекітілгеннен кейін бизнес шығыны қалай өтелетінін түсіндірді
Cурет: REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Бизнеске келтірілген залалды өтеу процесі

Бизнеске келтірілген залалды өтеу процесі


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бизнестің залалын өтеу тәсілдері әзірленді. Бұл жұмыс «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып жүргізілді. Сондай-ақ, механизм бірінші вице-премьер Роман Склярдың төрағалығымен тәртіпсіздіктер салдарынан болған зардаптарды жою жөніндегі үкіметтік комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бизнеске келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүргізіледі?
1) кәсіпкер өтеу туралы өтінімді қажетті құжаттармен қоса, InfoKazakhstan арқылы жібереді. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойылады.
2) өтінімді өңірлік комиссия қарайды.
3) өңірлік комиссия залалды өтеу сомасын мемлекеттік бюджеттен бөлу туралы шешім шығарады.
4) қаржы мемлекеттік бюджеттен зардап шеккен кәсіпкердің пайдасына аударылады.
Бұл ретте «Атамекен» ҰКП үкіметтік комиссия залалды өтеу процесі барынша жедел орындалады деген үміт білдіреді.


Өтеуге тиесілі сома қалай есептеледі?
Өтеу сомасының есебі келтірілген залалдың 3 түрі:
1. жылжымайтын мүлік (ғимараттар мен құрылыстар);
2. бүлінген жылжымалы мүлік пен жабдық;
3. ұрланған тауарлар бойынша жүргізіледі.


Бүгінде бизнес барынша залалды өтеу сомасын объектив, расталған және тез анықтайтын әдісін талқылап жатыр.
Сондай-ақ, бағалаушылардың жұмыс тәртібі: мерзімі, рөлі, әрекет алгоритмі анықталады. Соңғы күндері мессенджерлерде «бағалау компаниялары бұл жұмысқа тартылмайтыны, сондықтан оларға кәсіпкерлермен бағалау шартын жасамауға шақыратын» хабарлама тарап жатыр. Мұндай жалған ақпаратқа жол бермеуіміз керек. Осы мәселе бойынша Әділет министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінен ресми позицияны күтеміз.


Залалды өтеу туралы шешім қалай шығарылады?
Жақын күндері ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу механизмін қабылдайды. Бұл механизм жоғарыда аталған процедураларды, соның ішінде Өңірлік комиссиялар туралы ережені регламенттейді. Құжаттың жобасын «Атамекен» ҰКП мамандары дайындап, мемлекеттік органдарға жіберіп қойды.


Барлық нормативтік құжат бекітілген соң InfoKazakhstan сайтында қолжетімді болады.
Комиссия құрамына әкімдік, мәслихат, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіруі ұсынылған.
Залалды өтеу туралы шешімді кәсіпкердің өтініші және жоғарыда сипатталған тиісті құжаттар (InfoKazakhstan арқылы берілген) негізінде қаржыландыру көзіне байланысты өңірлік комиссия немесе Қордың комиссиясы шығарады.


Залалды өтеуге өтінім қабылдау қашан және қайда басталады?


Өтінімді қабылдау механизмі бекітілген соң басталады.
Кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдаудың бірыңғай орны InfoKazakhstan платформасы болып белгіленді. Жұмысты іске қосу үшін техникалық мүмкіндік қарастырылған.


Бұдан бөлек, 11 қаңтарда жанашыр бизнес өкілдерінің бастамасымен  «Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве» қоры құрылды. Бұл қор зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсетуге дайындығын білдірді. Қазір қор нақты ережелерді әзірлеп жатыр. Ондағы тәсілдемелер Үкімет комиссиясы бекіткен механизмге сәйкес реттеледі.


Сонымен қатар, кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу механизмін әзірлеу және бекіту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардан басқа, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен бизнесті одан әрі қолдау бойынша Үкіметке ұсыныстар пакетін дайындап жатыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,314 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.