ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Ұлттық музей басшылығына қатысты іс: Антикор 1,2 м...

Ұлттық музей басшылығына қатысты іс: Антикор 1,2 млрд теңге жымқырылғанын мәлім етті

Оқиға 16.07.2022, 04:36 1,020
Ұлттық музей басшылығына қатысты іс: Антикор 1,2 млрд теңге жымқырылғанын мәлім етті
сурет: Inform.kz
Мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілді

Мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілді


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы аталған агенттіктен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгінде Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілерге 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін құру» жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.



«Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлеген.
Бұл ретте жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстардың нақты құны 83,4 млн теңгені құрағанын анықтады.
Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілді.
Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.



Еске салайық, биылғы мамыр айында Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталып, оған қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылғаны мәлім етілді.


Ол уақытта Антикор қызметі ҚР Ұлттық музейінің лауазымды қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатының 146 млн теңге сомасын жымқырды деген айып тағылғаны туралы айтылған еді. Бұл қаражат «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында қолды болғаны мәлім етілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.