ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек

Ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек

Сайлау-2023 09.11.2022, 07:59 1,369
Ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек
almaty-akshamy.kz
«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және...

«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады.        


«DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кәсіпорын бүгінде өз өндірісін дамытуда және жетілдіруде. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға қол жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.


Жигули Дайрабаев сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыстардың  әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті.



«Елімізде жеңіл өнеркәсіп, онымен айналысатын жеке бөлім жоқ. Бұл үлкен қателік. Экономиканың осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін үлкен көлемде сатып ала алатын ҚТЖ-ның бүйрегі импортқа бұрып тұрады. Нарықтық экономиканың өз заңдылығы бар, түсінеміз, бірақ бізде отандық өнеркәсіп басымдыққа ие болуы керек. Сондықтан мен барлық қазақстандықты өз өнімдерімізді қолдауға шақырамын», – деді кандидат.



Сонымен қатар Жигули Дайрабаев өңірлерде жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды.



«Өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде жұмыс күші мол. Ауылдарда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыта отырып, біз көптеген мәселені шешіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етер едік», – деді Жигули Дайрабаев.



Кездесу соңында кандидат қызметкерлердің өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы қойған сұрақтарына жауап берді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.