ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Ұлттық кино орталығы 10 жаңа фильм ұсынады

Ұлттық кино орталығы 10 жаңа фильм ұсынады

Мәдени Алматы 24.01.2025, 18:34 849
Ұлттық кино орталығы 10 жаңа фильм ұсынады
Сурет: Ұлттық киноны қолдау орталығының баспасөз қызметі
Биыл Ұлттық кино орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм прокатқа шығып, көрермендерді қуантпақ. Бұл фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын маңызды идеялар көрініс...
 

Биыл Ұлттық кино орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм прокатқа шығып, көрермендерді қуантпақ. Бұл фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын маңызды идеялар көрініс тапқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрерменге ұсынылатын фильмдердің ішінде 2011 жылы Тараздағы терактіде қаза тапқан батыр полицей Ғазиз Байтасовқа арналған «Капитан Байтасов» фильмі бар. Сонымен қатар, лудомания тақырыбын қозғайтын «Игроманка» фильмі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтереді. Ал «90+1» картинасы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортқа қызығушылық танытуға шабыттандырады.

Сондай-ақ, «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Әбіл» фильмдері де кинотеатрларда көрсетіледі.

Ұлттық кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, кино ұлттық идеологияны қалыптастыратын маңызды құрал болып табылады.

«Мемлекет қаржысына түсірілген киноларда қоғамға қажетті құндылықтарды дәріптеу басты міндет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та киноиндустрияны мәдениеттің бір бөлігі ғана емес, экономиканың жеке тармағы ретінде қарастыруды тапсырған болатын. Осы бағытта жаңа фильмдерге ерекше назар аударылды. Көрермен көңілінен шығады деп сенеміз», – деді Басқарма төрағасы.

Сонымен қатар, наурыз айының басында жаңа киножобалар конкурсы басталатыны хабарланды. Биылғы басты тақырыптар тізімінде Отанға деген сүйіспеншілік, тарих пен тағылым, білім, отбасы, еңбек адамының ерлігі секілді маңызды мәселелер қамтылған. Толық тізімді Кино орталығының ресми сайтынан көруге болады.

Өткен жылы киножобаларды іріктеу ережесіне өзгерістер енгізілген болатын. Жаңа ережелерге сәйкес, конкурстың бірінші кезеңінде сценарийлер қабылданып, үздіктері сараптама кеңесінің қарауына жіберіледі. Киногерлерге сценарий жазуға шамамен екі ай уақыт беріледі.

Бұл жаңа фильмдер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көрерменге тағылымды ой салуға бағытталған. Алдағы уақытта отандық киноиндустрияның дамуына тың серпін беретін жобалар күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.