Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қайтарылады

Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қайтарылады

Әлеумет 14.06.2022, 08:45 1,009
Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қайтарылады
Сурет: Voxpopuli.kz
Тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр.

Тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа министрліктің негізгі жұмыс бағыттарын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


Оның айтуынша, ғылым саласындағы негізгі міндеттерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары кезінде Ұлттық ғылым академиясында айтқан.



«Біріншісі – Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін қайтару және нығайту. Бұл жұмыспен белсенді айналысып жатырмыз. Тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр. Екінші үлкен бағыт – университет пен ЖОО-дағы ғылым. Қазір өкінішке қарай, университет ғылымы негізгі ғылым бола алмады. Іргелі, қолданбалы ғылымды қоректендіретін алаңға айналмады. Бұл іске де бар күш-жігерімізді саламыз», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.



Сонымен бірге, ведомство қызметінің тағы бір маңызды бағыты – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді немесе қолданбалы зерттеулерді қолдау және қаржыландыру.



«Бұл жерде біздің министрлік пысықтап жатқан бірнеше жүйелі шаралар бар. Жақын арада осының барлығын ашық талқылаймыз. Біз өзіміздің ғылыми қауымдастығымыздан, негізгі ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан базалық техникалық тапсырма аламыз», - деді Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,354 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.