ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Ұлттық экономика министрлігінде тарифтік саясат жө...

Ұлттық экономика министрлігінде тарифтік саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Экономика 29.06.2021, 08:53 1,749
Ұлттық экономика министрлігінде тарифтік саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Сурет:Alastyr.com
Ұлттық экономика министрлігінде тарифтік саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Ұлттық экономика министрлігінде тарифтік саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті


Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің төрағалығымен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыс әкімдерінің орынбасарларының, Табиғи монополияларды реттеу комитеті басшылығының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен тарифтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Экономика министрлігінің сайтында жарияланған хабарға сілтеме жасап.



«Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Үкімет коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда. Сондай-ақ тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері арасындағы мүдделер теңгерімін қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Әсет Ерғалиев.



Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылға арналған міндеттер туралы ведомство төрағасы Асан Дарбаев айтты.


Мемлекет басшысының тарифтік саясатқа қатысты тапсырмаларын орындау шеңберінде ТМС қызметіне бақылау күшейтілді, ТМС сатып алуына талдау жүргізілді, тариф белгілеудің және халықпен кері байланыстың ашықтығы қамтамасыз етілді, ТКШ коммуналдық қызметтеріне негізделген тарифтер қамтамасыз етілді.



«2021 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес бекіткен реттелетін табиғи монополиялар субъектілердің қызметтер тарифтерінен инфляцияға салым дәлізін сақтау бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда», - деді Асан Дарбаев.



Бұдан басқа, 17 өңірлік комиссияның құрамы кеңейтілді, тариф белгілеу мәселелерін қарауға көп адамдарды тарту мақсатында қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қосылды. Бүгінде өңірлік комиссиялардың құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Атамекен» ҚР ҰКП, ҮЕҰ, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және сарапшылар кіреді.


Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Әсет Ерғалиев тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу, монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Комитет алдына қойылған міндеттерді сапалы орындау бойынша тапсырмалар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.