AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ұлттық банк жетекшісі Президентке биылғы инфляция...

Ұлттық банк жетекшісі Президентке биылғы инфляция болжамы жайында баяндады

Билік 10.09.2021, 11:26 900
Ұлттық банк жетекшісі Президентке биылғы инфляция болжамы жайында баяндады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет жетекшісі халықаралық нарықтардағы құбылмалылықтың арту жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының биылғы 8 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде, сондай-ақ әлем экономикасының қайта қалпына келу барысында инфляциялық қатердің күшейе түскені туралы есебін тыңдады.


Президентке Үкіметпен бірлесіп бекітілген инфляцияға қарсы шаралар мен оны жүзеге асырудың негізгі бағыттары, сондай-ақ биылғы инфляцияның жаңартылған болжамдары туралы баяндалды.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың табысы мен тұтыну деңгейінің артуына ықпал ететін Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің арта түскені жөнінде және Президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру барысы туралы мәлімет берілді.


Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің биылғы 8 айда 93,7 миллиард долларға дейін ұлғайғаны және Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 2,3 миллиард долларға дейін өскені туралы алдын ала деректер ұсынылды. 


Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендетуге және халықаралық нарықтардағы құбылмалылықтың арту жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #банк #инфляция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);