ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін ескертеді

Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін ескертеді

Оқиға 14.09.2022, 15:00 1,234
Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін ескертеді
Сурет: Ашық дереккөзі
Зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн

Зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн


ҚҰБ жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен қолма-қол есеп айырыспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық Банк қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттердің қарқын алғанын ескертеді. Өздерін «полиция қызметкері» немесе «Ұлттық Банк қызметкері» деп таныстыратын қаскүнемдер азаматтарды алдап, несие, микрозайм рәсімдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аударуға арбайды. Мұндай схемалар алаяқтарды ұстау мақсатында банктік «науқан» деген сылтаумен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте іс-әрекеттерінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық Банктің жалған қызметкеріне» қоңырау шалған болады, қызметкердің жалған куәлігін де көрсетеді.  


Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі – Ұлттық Банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн-платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған.


Осыған байланысты Ұлттық Банк «құқық қорғау жүйесінің» немесе «Ұлттық Банктің жалған қызметкерлерінен» қоңырау түскен кезде лезде әңгімені үзіп, алаяқтар ойлап тапқан «операцияларды» жүргізуге қатыспау керек екенін ескертеді. Осындай заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн.


Сондай-ақ, Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпау керек екенін, жеке деректерді жарияламауды, AnyDesk, Team Viewer секілді смартфонды қашықтан басқаратын қызметтерден сақ болуды сұрайды. Қандай жағдайда болмасын, телефон арқылы берілген нұсқауларды орындаудан сақтанып, үшінші тараптың есеп шотына ақша аудармау керек, себебі мұндай аударымдарды қайтару немесе оны даулау өте қиын.


Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады, Ұлттық Банктің негізгі қызметімен nationalbank.kz ресми сайтында танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.