ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қала тынысы / Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты

Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты

Қала тынысы 12.12.2024, 09:08 1,393
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
ҚҰБ
ҚҰБ атынан деп таралып жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

ҚҰБ атынан деп таралып жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Ұлттық Банктің фирмалық бланкін пайдаланып, азаматтарға жалған құжат жолдаушы алаяқтардың көбейген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеме таратты.

Бас банк мәлімдеуінше, қаскөйлер Ұлттық Банк атынан жіберген жалған хаттарда алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлайды. Сөйтіп, алаяқтардан ақшаны қауіпсіз түрде қайтару үшін және «клиринг процедурасынан өтуге байланысты қаржы міндеттемелерін» өтеу үшін ақша аудару керек екенін айтады.

«ҚҰБ жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, қаржы құралдарын сақтандырмайтынын және халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске саламыз. Интернет алаяқтары мұндай хабарламаларды WhatsApp мобильді қосымшасы, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы таратады», – деп жазылған ресми хабарламада.

Осыған байланысты Ұлттық Банк азаматтарды сақ болуға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, жалған хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады.

Сондай-ақ, мұндай схемаларды алаяқтар құқық қорғау органдары немесе Ұлттық Банк қызметкерлерінің атын жамылып жүзеге асыруы мүмкін екенін еске салады. Олар мұны «аударымдарды алаяқтардан сақтандыру процедурасы», қаржы ұйымдарындағы «алаяқтарды ұстау», «арнайы органдардың тексеруі» немесе мемлекеттік органдардың бірлескен «арнайы операцияларына» қатысу сияқты түрлі жалған процесс ретінде түсіндіріп, алдап соғуы ықтимал.

Сондықтан, өзіңіз немесе танысыңыз осындай алаяқтық схемаға тап болып жатсаңыз, арыз жазып, құқық қорғау органдарына жүгіну жолдарын ұсынады. Кеңес алу үшін ҚҰБ-тың байланыс орталығына 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.