конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық арнада сараптамалық жобалар көбейді

Ұлттық арнада сараптамалық жобалар көбейді

Мәдениет Бүгін 17:02 48
Ұлттық арнада сараптамалық жобалар көбейді

Еліміздегі саяси және қоғамдық өзгерістер тұсында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бірқатар бағдарламасы аудитория жинау жағынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы уақытта отандық телекөрермендердің талғамы өзгеріп, танымдық маңызы бар сараптамалық жобаларға деген сұранысы артты.

Әсіресе, көрерменнің ықыласына бөленіп, өсім көрсеткен үш негізгі жобаны бөле-жара айтуға болады:

«Әлем және біз» – әлемдік саясаттың Қазақстанға әсерін талдайтын жоба. Сәуірдің ортасынан бері аудиториясы 1,5 есе өсті. Халықаралық жағдайдың ушығуы, соның ішінде АҚШ пен Иран арасындағы текетірес, Ормуз бұғазындағы ахуал, мұнай бағасы мен осындай шырғалаң замандағы дипломатиялық саясат эфирде егжей-тегжейлі талданады.

«Ізгілік формуласы» азаматтық жауапкершілік пен игі істерді насихаттайды. Жақсылық жасау деген тек біреуге үй салып беру немесе қаржылай көмектесумен шектелмейді. Ізгіліктің формуласы өте көп. Бағдарлама қоғамға пайдасын тигізіп жүрген қарапайым азаматтарды үлгі етеді әрі Президент ұсынған «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарымен үндеседі. Маусымның соңынан бері аудиториясы екі еседен астам артты.

«Qazaq Creative» – креативті индустрия мен ұлттық әлеуетті танытатын жоба. Мамыр соңында эфирге шыққан бағдарламаның аудиториясы шілдеден бері 2,5 еседен астам өсті. Мәдени кәсіпкерлік пен отандық өнердің экономикалық әлеуетін ашып көрсететін хабар көрерменнің, әсіресе жастардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Түйіндей айтқанда, телеарна жобаларының аудиториялық өсімі еліміздегі ауқымды саяси және қоғамдық өзгерістер кезеңінде орын алды. Бұл халықтың тек күнделікті жаңалықтарды тамашалап қана қоймай, елдің болашағы мен дамуын, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды көрсететін терең мазмұнды бағдарламаларға басымдық бере бастағанын айқын дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#телеарна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе обырын скринингтеу жалғасады

Бүгін 17:47

Алматы онкология орталығында өкпе обырының алдын алу апталығы өтті

Бүгін 17:21

Ерте анықтау: 914-тен астам адамға өкпенің төмен дозалы КТ-сын тексеруі жүргізілді

Бүгін 17:10

Алматының орталығындағы супермаркетке салынған қосымша құрылыс сот шешімімен бұзылды

Бүгін 16:49

Алматы қаласы елімізде шай өндіруден көш бастап тұр

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);